26 Қараша 20:16

Президенттің мақаласы «The Parliament Magazine» басылымында жарияланды

Фото:

ЕО жарық көретін «The Parliament Magazine» басылымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Еуропалық Одақ кеңістігіндегі саяси оқиғалар туралы жазатын беделді «The Parliament Magazine» басылымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады. Онда Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапарына орайластырылған Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы ой толғайды» делінген хабарламада.

Тегтер: