USD
USD
USD

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және оның аясын кеңейту жөніндегі жұмыстар туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
Фото: NEGE.kz

Астана. NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G желісін енгізудың және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. «Цифрлық серіктес» бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелері ұсталды

Есірткі қылмысы

Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында өрт шықты

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Арменияның бұрынғы президенті мен оның ұлы ұсталды

Роберт Кочарян

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель