6 Мамыр 10:25

Президент Кәрім Мәсімовке атақ берді

Фото:
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әскерилерге жоғары әскери және арнайы атақтар берді, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы қаулы етемін: генерал-лейтенант әскери атағы: Бектанов Мұрат Кәрібайұлына, Дәндібаев Тимур Тұрарұлына, Ділманов Дархан Айтқалиұлына, Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлына, Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлына; әділет генерал-лейтенанты әскери атағы Сартаев Дастан Шаймерденұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына; 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Асылов Берік Ноғайұлына», - делінген сәрсенбіде жарияланған «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» қаулыда.
Сонымен қатар, генерал-майор әскери атағы: Жазин Серік Кенжетайұлына, Жоламанов Асқар Ахметұлына, Жүсіпов Асан Қуанышұлына, Ильин Юрий Викторовичке берілді.
Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Әмірханов Асқар Баймерденұлына, Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына, Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына берілді.
Бұдан басқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына, Калайчиди Алексей Дмитриевичке, Сәденов Ержан Сапарбекұлына, Таймерденов Қанат Даниярұлына берілді.  3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына, Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына берілді.
Жарлыққа сәйкес, 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Бектенов Олжас Абайұлына,
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына берілді.

Тегтер: