5 Қаңтар 19:18

Пранк жасағандар жауапқа тартылды

Фото:

Алматы облысында пранк жасағандар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. «Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында автокөлікке зақым әкелген бейнежазба анықталған болатын. Тексеру барасында оқиға Есік қаласында 2021 жылғы 4 қаңтарда орын алғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша полицияға ешкім арыз түсірмегенімен, Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары дерекке тексеру ұйымдастырды. Дерек расталып, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Алмалы ауылының 21 жастағы тұрғыны және Volkswagen Passat автокөлігінің иесі, Есік қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды», – делінген хабарламада. 

Оқиғаға қатысушылар алдын ала келісіп, әлеуметтік желілердегі жұрттың назарын аударту мақсатында қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелген әрекеттерге барған.

«Ұсталғандардың айтуынша, істеген әрекеттеріне өкінеді, олар тек парақшаларына жазылушылар санын арттырып, сосын көліктің әйнегін жөндегілері келген», – дейді полицейлер. 

Құқық бұзушыларға ҚР Әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін материал сотқа жолданды.

Тегтер: