17 Мамыр 15:19

Полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Фото:

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды, - деп хабарлады Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 17 мамырға қараған түні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бөрілі-Орал жолында Бөрілі ауылының маңында көлікті тоқтатуға тырысқан. Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірімен тіркелген "Киа Соренто" көлігінің жүргізушілері тәртіп сақшыларының заңды талабына көнбей, Қанай ауылына қарай жүре берген.

Содан соң көлік тоқтап, ішінен мас сегіз ер адам шыққан. ППБ қызметкерлерінің "орныңнан қозғалма" деген талабына көнбей полицейлерге шабуыл жасаған және қатты жарақат алған. 

Кейін ұстау жоспары жарияланып, күдікті азаматтар ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлігі 380-бабына сәйкес "Билік өкілдеріне қатысты күш көрсеткені үшін" сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: