11 Маусым 14:37

Полицейлерді қызметке алу талаптары күшейді

Фото:

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдарын реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Алматы, NEGE. 2018 жылы Елбасының бастамасымен 3 жылға арналған Жол картасы қабылданды. Оны жүзеге асырудың нәтижесі бойынша қызметкерлердің штаттық саны 13,5 мыңға қысқарды, 106 басқару бөлімдері мен 1483 басшылық лауазымдар таратылды.

«Бүгінде полицейлер саны 100 мың тұрғынға шаққанда 471-ден 369-ға дейін азайды. Бұл еуропалық елдермен сәйкес келеді. Әкімшілік шығындар азайды. Жұмыс үшін қажетті жағдайлар жасалды: әлеуметтік қорғау, тұрғын үй жағдайлары жақсарды, қызметкерлердің жалақысы көтерілді. Қызметкерлерді оқыту жүйесу қайта қаралды. Қызметке қабылдау талаптары күшейді. Полиция қызметін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Енді полицияның жұмысына халық баға береді. Тәуелсіз институттар әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, қауіпсіздік деңгейі және халықтың полицияға сенімі бойынша бағалайды», - деді Е.Тұрғымбаев.

Тегтер: