10 Сәуір 16:53

Полицейлер әнмен жерлестерін үйде отыруға шақырды

Фото:

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері өздерінің әнімен жерлестерін үйде отыруға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бір күннің ішінде Полиция департаментінің бір ғана аккаунтында “Біз біргеміз!” клипі 8,5 мың рет қаралған.

Алматы, NEGE.Қазіргі жағдайда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жүрген әріптестері мен медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында жасалған клиптің авторы – облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Коронавирустық инфекцияға қарсы күресте полицейлер блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етіп, қоғамдық тәртіпті сақтап, сондай-ақ инфекция анықталған ошақтарды күзетіп келеді. Клип белгілі шығармашыл тұлға – Құмарбек Қалқатаев әнінің негізінде жасалған. Актер, композитор осы патриоттық ән арқылы Мағжан Жұмабаев, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтің кіндік қаны тамған өлкеге деген сүйіспеншілігін білдірген. Облыстық Полиция департаментінің вокалдық тобы үйреншікті сахнада айтпаса да, өңірдегі карантин жағдайында барлығы бірге ән шырқады. Ән – “Біз біргеміз!” ортақ хэштегімен үйде жазылды. Ал, жұмыстағы қызметкерлер әнді жұмыс орындарында отырып орындаса, үйдегілер ас үйде, отбасымен бірге дастархан басында, тіпті жуынатын бөлмедегі айнаның алдында қырынып тұрып орындады. Дәл осы тұрмыстағы күнделікті тыныс-тіршілік клипке рең берді және көрермендер оны жақсы қабылдады. Бейнероликтің басты лейтмотиві және облыстық полицияның шығармашылық тобының идеясы “Үйде отыруға” шақыру болды. Сонымен қатар, көптеген желі қолданушылары оны жеке парақшаларына жүктеп, пікірлерін білдіріп, қосымша қолдау көрсетті.

 

Тегтер: