3 Ақпан 15:49

Шымкенттік полицейге үкім шықты

Фото:

«Шымкент қалалық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкіліне алаяқтық жасағаны және қару-жарақтың заңсыз айналымына қатысты қылмысы үшін айыппұл салынды», – деп хабарлайды өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Алматы, NEGE. 30 қаңтар күні Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен Ф.Шәріпбайұлы алаяқтық әрекеті мен қару-жарақтың заңсыз айналымына кінәлі деп танылып, оған 8 млн теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ, сот оны «капитан» мәнсаптық атағынан айырып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан біржолата айырған.

Мәлімдемеде көрсетілгендей, өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілі Шымкент қалалық жол полициясының сержантынан медициналық куәландырудың дұрыс қорытындысын алуға көмек көрсеткені үшін және қызметтен босатудың орнына, одан 400 мың теңге сомасында ақшалай сыйақы алғаны үшін айыпталған.

Сонымен қатар, Ф.Шәріпбайұлы тұтқындалған кезде, оның автокөлігінен атуға жарамды 10 патроны бар, бастапқы зауыттық белгісі сақталған 9 мм калибрлі «STREAMER-1014» газ тапаншасы табылған.

Тегтер: