1 Мамыр 10:24

Пневмония және коронавирус: тағы 37 адам қайтыс болды

Фото:

Қазақстанда кейінгі тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмония мен коронавирустан бірден 37 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алматы, NEGE. 1 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 510 адам коронавирус инфекциясынан (42 019 КВИ+ және 491 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 14 843 пациент стационарда, 27 677 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 769 адамның жағдайы ауыр;
• 184 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 125 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

29 сәуірдегі жағдай бойынша, тағы 31 адам коронавирустан қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2021 жылғы 29 сәуірдегі мәлімет бойынша 98 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 95 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап: науқастар саны - 52 942, өлім жағдайлары - 801, барлығы 51 650 адам сауығып шықты.

Тегтер: