28 Желтоқсан 15:41

Пластиктен таза әлем

Фото:

Біздің қоғамда пластик атаулыны жер-жерден кездестіруге болады. Тіпті, сіз бұл мақаланы пластик пайдаланылған ұялы телефон немесе компьютер арқылы оқып отырсыз. Ал, оның қаншалықты зиянды екенін білесіз бе?

Алматы, NEGE. Пластик соңғы 10 жылда тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Ыдыс-аяқ, техника, үй қажеттіліктерінен тартып балалар ойыншығына дейін осы материалдан жасалады. Ғалымдар зерттеуінше, соңғы 10 жылда өндірілген пластик есебі оған дейінгі 100 жылмен пара-пар. Және ең қауіптісі оның жойылуына 500-1000 жыл қажет. 

Пласиктен көбіне бір реттік қолдануға арналған бұйымдар жасалады. Қолданыстан кейін жарамсыз болған қалдықтар жер бетіндегі қоқыс көлемін арттыруда. Осы ретте, пластик онкологиялық ауруға душар ететінін айта кеткен жөн. Бір ғана Қазақстанда жыл сайын 30 мыңдай адам осы ауруға шалдығады. Міне, мәселе қайда?! 

Пластик зияны жайлы дабыл қағып жүрген «Jasyl arystan» қоры отандастарымызды пластиксіз өмірге шақырып, «Пластиктен таза Қазақстан» атты жобаға күш салуда. «Егер әрбір Қазақстандық осы мәселеге үн қосса, пластиксіз күн кешсе» ғаламшарымыз гүлдене түсер еді дейді жоба авторлары. 

Тегтер: