4 Маусым 18:42

Пентагон басшысы наразылықты әскермен басуға қарсы шықты

Фото:

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер бір аптада бұрын басталған наразылық акцияларын әскермен басуға қарсы шықты.

Алматы, NEGE. Құрама Штаттарда расизмге қарсы наразылық акцияларының басталуына афроамерикалық Джордж Флойдтың полиция әрекетінің салдарынан қаза табуы себеп болды. АҚШ президенті Дональд Трамп елде әскердің көмегімен тәртіп орнатқысы келеді.

Эспердің мәлімдеуінше, 1807 жылы қабылданған заңда президент аса қауіпті жағдайда ғана әскер қолдана алатыны айтылған. Ондай жағдай қалыптаса қойған жоқ, деп есептейді Пентагон басшысы. Эспердің пікірінше, қазіргі жағдайда азаматтық билікке Ұлттық ұлан көмектесе алады. Билік оны төтенше жағдай кезінде қолданады.

Трамптың наразылықты әскермен басу туралы талабымен Пентагонның бұрынғы басшылары да келіспейді.

Кейін, сәрсенбіде, Трамп ел ішіндегі наразылықты басуға әскер қолдану қажет емес деп ойлайтынын мәлімдеді.

Тегтер: