26 Қазан 19:20

Павлодарда жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі табылды

Фото:

Павлодар облысында 5 қазанда жоғалған ағайындылардың тағы бірінің денесі Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан табылды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті.

Алматы, NEGE. «26 қазан күні сағат 16:20-да Ақжол ауылынан 25 шақырым жердегі даладан ағайындылардың екіншісінің денесі табылды. Ол 1985 жылы туған. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Сараптама тағайындалды», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 19 қазан күні Ақсу қаласының полициясына Екібастұз тұрғыны хабарласып, екі ағайындының із-түзсіз жоғалып кеткені туралы айтты. Олардан 5 қазаннан бері хабар-ошар болмаған. 25 қазан күні ағайындылардың бірінің мүрдесі табылды. Сараптама қорытындысы бойынша өлім себебі – ағзаның суықтап қалуы.

Тегтер: