24 Маусым 12:04

Павлодарда коронавирус жұқтырған медқызметкерлердің жағдайы ауыр

Фото:

Павлодарда коронавирус жұқтырған медқызметкерлердің жағдайы ауыр, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. «Облыста медициналық қызметкерлер арасындағы 59 адам коронавирус жұқтырған. Олар 17 дәрігер, 19 орта және 9 кіші медперсонал. Тағы 14 адам – әкімшілік және техникалық қызметкер. Стационарда үш медициналық қызметкер ауыр халде жатыр, 11-нің жағдайы орташа ауыр, тағы соншасының жағдайы – жеңіл деп бағалануда, 18-і симптомсыз. 16 дәрігер жазылып, үйдегі карантинге жіберілген», - делінген өңірлік денсаулық сақтау басқармасының хабарында.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 521 науқастың 244-і жазылып, 13-і көз жұмған.

Тегтер: