Павлодар облысының АӨК-де 1 теңге субсидияға 4 теңге жеке меншік инвестициядан келеді

25 қараша, 14:21
Павлодар облысының АӨК-де 1 теңге субсидияға 4 теңге жеке меншік инвестициядан келеді
Фото: google.com
Павлодар облысында өңдеу секторы дамып келеді.
 
Алматы, NEGE. 10 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өңірдегі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 60%-ан астамын құрады. Павлодар облысының шикізаттық емес секторы 1,3 есеге өсіп, республикалық көлемнің әрбір 8-ші долларын қамтамасыз етті. Бұл туралы аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың ОКҚ-гі баспасөз конференциясында белгілі болды. Өңдеу өнеркәсібінің өсімінің драйверлерінің бірі азық-түлік өнімдерінің өндірісі болып табылады.   
 
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірде суармалы егістіктер алқабы 135,9 мың гектарға жеткенін атап өтіп: «10 айдың қорытындысы бойынша облыс ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің қарқыны бойынша көш бастап келеді, екі жылдың ішінде бұл көрсеткіш 100 млрд теңгеге ұлғайды. Биыл өңір аграрийлері 30 жылдың ішінде алғаш рет бір миллион тоннадан астам дәнді дақылдар жинады. Сонымен бірге, қарақұмық астығы ел бойынша өндірілген қарақұмық көлемінің жартысынан астамын, сәбіз үштен бірін, картоп 16%-ын пайызын құрады», - деп журналистерге есеп берді. 
 
Павлодар облысында ет, сүт өндірісі, қайта өңдеу және АӨК-ің басқа бағыттары да дамып келеді. Жыл басынан бері ет және ет өнімдерінің экспорты 40%-ға өсті, жыл соңына дейін тағы да бес мал шаруашылығы нысандарын іске қосу жоспарланып отыр. 
 
«9 айда өңдеу кәсіпорындарының өндірісі 90 млрд теңгеден асты, биыл тағы да 32 нысан іске қосылады», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов. 
 
Осылайша, ол 1 теңге бюджеттік субсидияға 4 теңге жеке инвестициядан келетін Павлодар облысының аргоөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық тартымдылығын нақтылады.