6 Ақпан 11:14

Павлодар атауы өзгере ме?

Фото:

Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Өңір басшысы журналистермен кездесуде қала атауынан өзгертуден маңызды, әлеуметтік мәселелерге көңіл аударуды сұрады. 

«Күн тәртібінде қала атауын өзгерту мәселесі тұр. Павлодар атауын өзгертуден бірден барлық мәселе шешіліп кетсе ғой. Мұнда шығын мәселесі бар, тақтайшаларды, барлық құжатты ауыстыру қажет болады. Жұмыс көп, мемлекеттік мекемелердің де жұмысы көбейеді. Бұл тек бір проблема. Бірақ, меніңше, біз мұны маңызды деп, № 1 проблема деп қарамауымыз қажет. Бұл менің пікірім. Барлық күшімізді және ресурсымызды облыс тұрғындарының өзекті проблемаларына жұмсайық», – деді Сқақов. 

Тегтер: