17 Желтоқсан 13:10

Павлодар: 250 орындық мектап ашылды

Фото:

Павлодар ауданының Кемеңгер ауылында оқу бір ауысымда жүргізіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Күрделі жөнделіп, қосымша ғимарат салынғаннан кейін бастауыш мектеп пайдалануға берілді.

Оқу орны «Заманауи мектеп» жобасы бойынша жабдықталған. Ғимаратта 12 кабинет, акт және спорт залы, кітапхана, асхана және медициналық блок бар. Бастауыш буыннан басқа, мұнда енді мектепалды даярлық курсы жүргізіледі.

«Кемеңгерде 350 орындық мектеп бар, бірақ оның қуаты тек екі ауысымда - таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеу үшін жеткілікті болған еді. Енді жоғарғы сыныптар да, бастауыш мектеп те бір ауысымда оқиды. Балалар жаңа мектепті көрді және олар қайтадан партаға отыру үшін карантиннің аяқталғанын асыға күтіп жүр», – дейді Павлодар ауданының білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәуле Нұрғалиева. Ғимарат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөнделді. Сыныптарға Павлодарда жасалған жиһаздар сатып алынды.

«Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» арқасында біз әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қатысты көптеген мәселені шештік. Отандық құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын, жиһаз және басқа да өнім шығаратын жергілікті өндірушілерді қолдауға мүмкіндік туды. Ортақ тапсырманы бірге орындадық», – деп атап өтті Тәуелсіздік күні жаңа мектепке барған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
 

Тегтер: