5 Мамыр 14:40

Парламент жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң қабылдады

Фото:

Қазақстан Парламенті жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

Алматы, NEGE. Бұған дейін Сенат Мәжіліске шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын "Жер қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына түзетулер енгізіп қайтарған болатын.

Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттары заң жобасына жеке орман өсіру мәселесі бойынша өзгерістер енгізу қажет деп шешті. Олар түзетулерге қазақстандықтар мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға ғана жеке орман өсіру үшін жер беруге рұқсат ететін норманы енгізді. Сондықтан сенаторлар түзетілген құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарды.

Мәжіліс депутаттары жеке орман өсіруге арналған жерлерге қатысты Сенаттың түзетулеріне келісті.

"Сенат ұсынған өзгеріс пен толықтыру шетелдік жер пайдаланушылар мен шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік және жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды көздейтін заң жобасының Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдамасын бұзбайды және оның мазмұнын нашарлатпайды", - делінген Мәжіліс қорытындысында.

Тегтер: