28 Желтоқсан 17:08

Пандемияда ажырасқандардың саны 3 есе азайған

Фото:
Маңғыстауда

биыл ажырасқандар саны 3 есе азайды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тіленбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау, NEGE.  Оның айтуынша, биыл Маңғыстау облысында 563 жұптың некесі бұзылған. Ал, өткен жылы 1 724 отбасы ажырасқан. «Бұл - әрине, қуантарлық жағдай. Биыл ажырасқандар санының азайғанын пандемияға байланысты деп ойлаймыз. Яғни, адамдар көп уақытты үйде, өзінің отбасымен өткізді. Осы арқылы түсініспеушілікке, жанжалға жол берілмеді», - деді Айзат Тіленбаев.

Тегтер: