22 Желтоқсан 13:15

Пандемия кезінде табысын жоғалтқан тұрғындарға қаржылай көмек берілді

Фото:

Меңдіқара ауданында коронавирус пандемиясы кезеңінде кірістерін жоғалтқан 4812 адамға 204 млн.теңге ақшалай көмек берілді. Бұл туралы журналистермен өткен брифингте аудан әкімі Нұрлан Қатарбеков мәлім етті.

Алматы, NEGE. Меңдіқара ауданында пандемия кезеңінде дағдарысқа тап болған тұрғындарды қолдау мақсатында бірқатар кешенді шаралар әзірленді. Нәтижесінде кірістерін уақытша жоғалтқан 4812 адам жалпы сомасы 204 млн теңгеге материалдық көмек алды.

«Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 1726 адамға 33,8 млн теңгеге азық-түлік, тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем берілді. 688 тұтынушының коммуналдық қызметтерін төлеу үшін 20 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. «Біз біргеміз» қорының біржолғы қаржылық қолдауымен 308 адам ақша алса, 253 отбасына азық-түлік себеттері жеткізілді», - дейді Нұрлан Қатарбеков.

Өңірде індет таралған шақта дәрігерлерге салмақ түскені белгілі. Алайда Меңдіқара ауданы бұл қиындыққа төтеп бере алды. Ауданда дәрігер кадрлардың тапшылығы жоқ. Тек 2 маманға (инфекционист, офтальмолог) сұраныс жіберілді. Биыл ауданға 4 жас дәрігер келді. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 5 дәрігерге тұрғын үй сатып алуға несие берілді.

«Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жалпы сомасы 274 млн теңгеге 4 УАЗ автомашинасы, JAC реанимобилі, жылжымалы медициналық кешен және медициналық жабдық әкелінді. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау және білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 12,5 млн теңгеге дезинфекциялық құралдар, маскалар, санитайзерлер, байланыссыз термометрлер, антисептиктер және дизковриктер сатып алынды. Пандемия кезеңінде Меңдіқара аудандық ауруханасы 34000 маска, 178 литр антисептик, 8 тепловизор, 10000 қолғап, 1180 бір реттік қорғаныш костюм, 610 көп реттік костюм, 11 пульсоксиметр сатып алды. Ауданда тұрақты негізде 6 мониторингтік топ жұмыс жүргізеді. Осы уақытқа дейін олар карантин режиімін бұзудың 119 дерегін анықтады. 230 материал қаралып, 9,6 млн. теңгеге 155 хаттама толтырылды», - деп атап өтті аудан әкімі.

Тегтер: