19 Маусым 12:03

Өзбекстан президенті Назарбаевтың денсаулығына алаңдаушылық білдірді

Фото:

Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдап, жеделхат жолдады. 

Алматы, NEGE. Шавкат Мирзиёев Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды үлкен алаңдаушылықпен қабылдады.

«Сізге осынау қиын-қыстау уақытта жан-жақты қолдау көрсетуге және жаныңызда болуға дайын екенімді жеткізгім келеді. Жақын арада Сіздің бұл вирусты жеңіп, сауығып кететініңізге сенімдімін. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Алла Тағала Сізге зор денсаулық, күш-қуат, ұзақ ғұмыр және жаңа табыс берсін деп тілеймін. Жақында Өзіңізбен жүздесу мүмкіндігі туады деген үміттемін», - делінген жеделхатта.

Тегтер: