USD
USD
USD

Өскеменде жұмысшы ажалына себепкер болған лифт бірер күн бұрын тексерілген

Өскемендегі ана мен бала орталығында жұмысшы опат болды.

Өскеменде жұмысшы ажалына себепкер болған лифт бірер күн бұрын тексерілген
Фото: NEGE.kz

Өскемен, NEGE.   Электр маманы жеделсатының есігіне қысылып қалған. Оқиға орнына дәрігерлер, құтқарушылар мен полицейлер шақырылғанымен 60 жастағы жұмысшыны құтқару мүмкін болмады. Дәрігердің айтуынша, марқұмның кеудесі жаншылып кеткен. Осы оқиғаға байланысты комиссия құрылып, оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Ал ана мен бала орталығы басшысының айтуынша, жеделсатыны бұдан бірер күн бұрын ғана қызмет көрсетуші компания тексерістен өткізген.

Ермек Омарбеков Ана мен бала орталығының бас дәрігері:

- Осы оқиғадан бір күн бұрын лифтіге жауапты компания оны тексеріп шыққан еді, ол туралы акт те бар. Енді бұл оқиға жұмыс сәтінде, жұмыс орнында болғандықтан еңбек инспекциясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, өз тексерістерін бастап кетті.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған