USD
USD
USD

Өскеменде ПТР-тестін сатқан азамат 2 жылға сотталмақ

Өскеменде коронавирусқа қарсы ПТР тест қорытындысын қолдан жасап сатпақ болған 34 жастағы тұрғын интернетке таратқан хабарландыру арқылы анықталып, ұсталды.

Өскеменде ПТР-тестін сатқан азамат 2 жылға сотталмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиғаның мән-жайын ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі Шұғыла Тұрлыбектің ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтып берді.

"Өскеменде полицейлер коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР тест анықтамасын ешқандай зертханалық талдаусыз-ақ рәсімдеп беретінін жарнамалап, хабарлама таратқан 34 жастағы жігітті ұстады. Бұл қызметі үшін ол 15 мың теңге сұраған. Қазір алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл бап бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – дейді министрліктің баспасөз өкілі.

Шұғыла Тұрлыбек келтірген деректерге сүйенсек, бұл – Шығыс Қазақстанда тіркеліп отырған алғашқы жайт емес. Бұған дейін Семейде 15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев