USD
USD
USD

Өскеменде 10 жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды

Шығыс Қазақстан облысында 10 жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өскеменде 10 жасар қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Белый Камень ауылындағы үйлердің бірінде жасырынбақ ойнап жүрген 10 жастағы қыз кір жуғыш машинаға барып, жасырынған. Кейін ол өздігінен әлгі құрылғыдан шыға алмай қалған. «ПЧ-28 бөлімінің өкілдері машинаның кейбір бөлшектерін ажыратып, қызды шығарып алды. Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем қызметінің өкілдері қыздың зардап шекпегенін, денесінде ешқандай жарақат немесе сынған мүшелер жоқ екенін айтты» – делінген ШҚО ТЖД баспасөз хабарламасында. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырудың қаншалықты қауіпті екенін тағы да ескертті. «Өте сақ болыңыздар! Балаларыңызбен мұқият түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Оларға қауіпсіздік шараларын сақтаудың қаншалықты маңызды екенін ескертіңіздер!»,-делінген төтенше жағдайлар қызметінің өкілдерінің ескертпесінде.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.