4 Ақпан 15:03

Өскемен өз пирамидасын тұрғызбақ

Фото:

«Шығыс Қазақстан облысы Глубокский ауданында төртметрлік голографиялық пирамида орнату жоспарлануда», – деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Алматы, NEGE. «Оқушылар шығармашылығы сарайында аудан оқушыларының ұйымдастыруымен ІТ-көрме өтті. Жұмыс сапарымен жүріп көрмеге қатысқан өңір басшысы Даниал Ахметов оқушылардың еңбегін жоғары бағалап, олардың кейбірін жүзеге асыруды ұсынды. Мәселен, сегізінші класс оқушысы Камила Сафинаның «Голографиялық пирамидасы» енді аудан орталығында төрт метр биік етіп тұрғызылатын болады», – деп жазды баспасөз қызметі.

«Мұндай жобаны үлкен масштабта жасап, салынып жатқан мәдениет үйінің алдына орнату керек. Балалар startup-жобаларын жасасын, ал біз оған қаржы бөлеміз», – дейді облыс басшысы бұл жөнінде.

Тегтер: