10 Маусым 16:46

Өртенген саяжайдан бес адамның мәйіті табылды

Фото:
Степногорскіде өртенген саяжайдан бес адамның, соның ішінде екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) баспасөз қызметі

.
Алматы, NEGE. «10 маусымда түнде сағат 00:50-те Ақмола облысы Степногорскіде («Рассвет» саяжай кооперативі) жеке саяжай тұрғын үйінде өрт шығып, саяжайдың бөлек тұрған шаруашылық қора-жайы, шарбағы мен жылыжайы, шатыр жабыны опырылып түскен. Өрттың жалпы алаңы 28 ш.м. құраған. Сағат 03.40-та өрт сөндірілген. Өрт шыққан жерден бес адамның денесі табылған: 1955 жылғы әйел, 1976 жылы туған ер адам, 2013 және 2015 жылғы екі бала. Сондай-ақ, осы жерден табылған тағы бір ер адамның аты-жөні анықталып жатыр», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Ведомство ақпарынша, өртті сөндіруге ТЖД күш пен құралдары, шұғыл тергеу тобының кезекшісі (12 қызметкер мен үш бірлік техника) жұмылдырылған.

Тегтер: