USD
USD
USD

Оралда қаза болған сарбазға қатысты: «Басының мылжа-мылжасы шыққан»

18 маусымда Ақтөбеде 21 жастағы Қолғанат Әшіров жерленді.

Оралда қаза болған сарбазға қатысты: «Басының мылжа-мылжасы шыққан»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның денесін Оралдан әскери қызметшілер алып келді, бірақ олар жаназаға қатыспаған сұмдықтарды анасы айтты. Сарбаздың туыстарының Қолғанат қызмет еткен 5517 әскери бөлімі қызметкерлеріне көптеген сұрақтары бар. Жігіт әскерге жарты жыл бұрын кеткен. Отбасымен күн сайын бейнебайланыс арқылы сөйлесіп тұрған. Жігіт бірер мәселеге тап болғаны туралы мүлде айтпаған. Ресми нұсқа бойынша, қатардағы жауынгер күзет кезінде өзін-өзі атып тастаған. Сарбазды ауруханаға жеткізгенше тірі болған, бірақ оны құтқаруға мүмкіндік болмаған.

 –  Оның басы толығымен мылжа-мылжасы шыққан. Өзін үш рет ату мүмкін емес. Оның өзі бұған бармас еді. Айналадағылардың бәрі: суицид, суицид дейді. Бірақ мен сенбеймін, – дейді қайтыс болған жігіттің анасы Гүлшат Жұбатқанова.

Бұл оқиға туралы айтқан қоғам қайраткері Мұрат Телібеков қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың позициясын сынға алды.

– Мен министр Ермекбаев әр сарбазды қадағалай алмайтынын түсінемін. Бірақ қылмысқа байланысты қатаң шаралар қабылдау оның құзыретінде бар ғой. Неге министр солдат қаза тапқан әскери бөлімге бармайды? Министрдің қателіктері үшін кешіруге болады. Бірақ немқұрайдылықты кешіру мүмкін емес, – деп қосты Телібеков мырза.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза