Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті
04 қаңтар, 12:22

Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қаңтар күні кешкісін А.Оразбаева атындағы көшеде көпқабатты үйде орын алды. Сағат 19.00-де 47 жастағы әйел төртінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.