11 Желтоқсан 18:33

Оңтүстік Қазақстан әкімдігі Жаңа жылда 2017 жылы алынған шыршаны орнатады

Фото:

Nege.kz порталы облыс әкімдерінен Тәуелсіздік күніне, Жаңа Жыл мерекесіне қандай дайындықтар жүріп жатқанын, Жаңа жылдық шырша қашан орнатылатынын, оған бюджеттен қанша қаражат бөлінетінін сұрап, ресми сауал жолдаған. Сауалымызға Оңтүстік Қазақстан әкімдігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы жауап берді. 

Бөлім басшысының мәліметінше, 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні меркесіне орай Түркістан облысы, Түркістан қаласында "Ақжайық" музыкалық мектебінің алдында ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішінің ашылу салтанаты және аталмыш мектепте "Әл-Фараби" фильмінің тұсаукесерін өткізу жоспарланған.

Ал қаланың бас шыршасы Тәуелсіздік мерекесінен кейін орнатылады.

"2020 жылдың 17 желтоқсаны күні қаланың жаңа жылдық бас шыршасын орнату жоспарлануда.  Аталған шырша 2017 жылы алынған", - деп жазады басқарма басшысы ресми сауалға берілген жауапта.

Ресми мәлімет бойынша, әкімдік қызметкерлері үшін жаңа жылдық салтанатты кеш ұйымдастырылмайды, жаңа жылдық банкет пен отшашу карантин режиміне байланысты өткізілмейді. 

Тегтер: