Оңтүстік астанада өкпені жасанды желдететін қанша аппарат бар?

06 шілде, 17:39
Оңтүстік астанада өкпені жасанды желдететін қанша аппарат бар?
Фото: google.com

Бақытжан Сағынтаев Алматыда өкпені жасанды желдететін қанша аппарат бар екенін хабарлады

Алматы, NEGE. Өкпені жасанды тыныс алдыратын аппараттардың қажетті қоры жасалды, деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, әкім Алматыда стационарлы ауруханаларда құралдардың қажетті резерві бар екенін хабарлады. 

Бүгінгі таңда Алматыдағы барлық медициналық ұйымдарда шамамен 600 өкпені жасанды желдететін аппарат бар. 

«ӨЖЖ аппараттарына қол жетімділік мәселесі бойынша бүгінгі таңда 25 аппарат жұмыс істеуде, қосымша 30 аппарат бар. Жақын арада тағы 70 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша қажетті резерв қалыптастырылды», -–деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.