Онлайн-оқытудан неге бас тартты?

04 сәуір, 16:45
Онлайн-оқытудан неге бас тартты?
Фото: tengrinews.kz

Сандық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан онлайн-оқытудан неге бас тартқанын айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Алматы, NEGE.  "Үлкен конференциялар үшін қолданылатын Zoom сияқты компаниялар көптеген адам қосылған кезде проблемаларға тап болады", - деді министр Нұр-Сұлтандағы брифингте.

Оның айтуынша, АҚШ-та осы жүйемен оқыту бойынша тест өткізілген және оның нәтижесі қуантарлық емес.

"Мұндай тест Қазақстанда да 1 сәуірде өткізілді. Бұл жүйе оқушылар мен мұғалімдерден көптеген сұраныс түскенде қалыпты жұмыс істей алмады. Жүйе "сынды". Бұл – батыстың жүйесі. Сондықтан біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп қашықтан оқыту қалыпты жағдайда өтуі үшін жұмыс істеп жатырмыз, мәселелер пысықталады. Стриминг жүйе қызметтердің сапасын қамтамасыз ете алмайтындықтан, қолданылмайды", - деп түсіндірді Жұмағалиев.