Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Онлайн халық санағына 32 мыңнан астам адам қатысты

 Елімізде онлайн халық санағына өткен тәуліктен бері 32 мыңнан астам адам қатысты.

Онлайн халық санағына 32 мыңнан астам адам қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Науқан бірінші қыркүйекте басталды. Енді қазан айының 15-не дейін жалғасады. Бұған жауапты мамандар онлайн санақ аяқталған соң, дәстүрлі форматқа көшеді. Яғни, үй-үйді аралайды. «Sanaq.gov.kz» электронды жүйесіндегі сауалнамада 50-ге тарта сұрақ бар. Олардың ішінде туған жері, отбасылық жағдайы, мекенжай, тұрып жатқан баспананың аумағы сынды деректер сұралады.

Жалпы сауалнама халықаралық тәжірибеге сай әзірленген. Биыл Қазақстаннан бөлек, әлемнің 61 мемлекетінде халық санағы өтеді. Солардың басым бөлігі шараны онлайн түрде жүргізеді.

«Ұлттық Халық Санағы-2021» шарасының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы: «Санақ парақтары кешен ғана әзірленген жоқ. Оның ішінде барлық мәлімет енгізілген. Кез келген адам сонымен танысуға мүмкіндігі болды. Мұның бәрі мүдделі меморгандармен келісілді. Санақты халықаралық адамдар да ұсыныс енгізеді», – деді. 

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov