9 Қаңтар 11:21

Оқушылар үшінші тоқсанда мектепте оқиды

Фото:

 Маңғыстаулық оқушылар 3-тоқсаннан бастап мектепке барып оқитын болды. Облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға өзгерістер енгізді.

Алматы, NEGE. Ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін кезекші сыныптар ашылады. Толымдылығы 15 баладан аспауы тиіс. «Қазіргі кезде бұл сыныптарға 77463 бала келеді деп жоспарланып отыр. Ал 9 бен 11-сыныптар аралас форматта оқытылады. Пәндердің 70%-і штаттық форматта мектепте өтсе, 30%-і қашықтан оқытылады. Мектеп бітіруші сыныптардың түлектері оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, колледждерде кешенді емтихандар, 11-сынып оқушылары жоғарғы оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырады.

Сондықтан да олардың сапалы білім алуы үшін мектепте оқуына жағдай жасалып отыр. Білім беру орындары санитайзерлермен, тепловизор және бактерицидтік лампалармен қамтамасыз етілген. Барлық мектептегі медициналық пункттер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Ал мектеп басшылығының шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі »,-деді білім басқармасының басшылары. 

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Мамаева: "1-курстың студенттері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы 1-курс студенттері дәстүрлі форматта оқытылатын болады. Бұл жерде де 70/30 позициясы сақталады. Қазіргі біздің облыста 5700-ден аса студенттеріміздің 61 проценті 3512 қазір оқуға өздерінің ұсыныстарын берді. Бұл жерде де барлық санитарлық нормалар сақталады" деді.

Тегтер: