Оқшаулауға алынған үйдің тұрғындарына кеңес

20 наурыз, 18:25
Оқшаулауға алынған үйдің тұрғындарына кеңес
Фото: сурет ғаламтордан алынды

Бұған дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен коронавирус ошағы аумағындағы тұлғаларға оқшаулау кезеңінде жұмыс орындарының сақталатыны туралы және ауруханалық парақтарды төлеу бойынша ұсыныстар берілді.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 19 наурызында қалалық штаб аудан әкімдерінің, санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық қызметтер мен күш құрылымдары, қалалық қоғамдық денсаулық, тұрғын үй, кәсіпкерлік, әлеуметтік әл-ауқат және жасыл экономика басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен коронавирустық инфекцияның карантиндік аймағындағы іс-қимыл алгоритмін орындау бойынша нұсқама өткізгенін атап өткен жөн.

Қала билігі қала тұрғындарынан карантин режимін сақтауға, карантиндік аймақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыстарымен, достарымен және әріптестерімен және т.б. қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мұндағы мақсат – адамның өзінің коронавирустық инфекцияны жұқтырмауға, туғандары мен жақындарының, айналасындағылардың да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін іс-шаралар легін күшейтті. 

Өз кезегінде, қаланың әрбір тұрғынының бұл жағдайға түсіністікпен қарап, жауапкершілік танытқан жағдайда індет жұқтырушы тұлғаларды тез анықтап, жедел түрде оқшаулауға мүмкіндік бар. Клиникалық симптомдар пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, құрғақ әрі ұзақ жөтел, әлсіздік) учаскелік дәрігерді телефон арқылы үйге шақыру керек немесе өзіне жедел медициналық жәрдем дәрігерін шақыру абзал. Өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігердің тағайындаған дәрілерін қабылдау керек. Алдын алу шараларын сақтау үшін:

– үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету;

– күн сайын үйді жуып, тазалау;

– қолды сабынмен жиі жуу;

– жеке ыдыс, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, тіс пастасы, ұстара аспаптары және т.б.) пайдалану.

Коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар: 

– тұрғылықты мекенінде немесе жұмыс орнында вирус жұқтырушымен соңғы кездескен уақыттан бастап инкубациялық кезең бойына (14 күн ) өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтау (үй карантині, сыртқа шығуға тыйым салынады) қажет

– жанұя мүшерінің денсаулығын жіті бақылауда ұстаған дұрыс

– ЖРВИ (дене қызуы, тұмау, жөтел) белгілері байқалған жағдайда жедел жәрдем шақыруы тиіс

Сұрақтар бойынша тәулік бойы қызмет көрсететін колл-центр – 1406 және Open Almaty – 1308 нөмірлеріне хабарласуға болады. Егер аурудың асқынған белгілері анықталған жағдайда жедел түрде 382-33-50 нөмірі бойынша қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне хабарласа аласыздар.