9 Желтоқсан 13:21

Нұр-Сұлтандағы құрылысы ұзаққа созылған үйлердің саны 2 есе азайды

Фото:

Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады. 

Нұр-Сұлтан, NEGE. 2019 жылы жаздың басында елордада 52 үлестік құрылыс нысаны болды, 2019 жылы 10 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Биыл одан екі есе көп – 2020 жылдың соңына дейін 20 нысанды аяқтау жоспарлануда.

«Үлестік құрылыстың барлық нысандарындағы жағдай әртүрлі: бір жерде тек қазаншұңқыр болса, бір жерде үйдің (қораптың) қаңқасы бар. Бірақ  оны аяқтау оңай болмайды, өйткені қораптар жылдар бойы тұрады. Бұл жерде үйге толық техникалық тексеру жүргізу қажет, өйткені каркас тұрғызылған кездер де болады. Бірақ бұл ретте құрылысшылар немқұрайлы қарап, өрт қауіпсіздігін, лифтілерді, инженерлік желілерді жүргізуді және т.б. ескермеген. Мәселен 2004 жылдан бері тұрған сондай құрылыс нысанының бірі - «Территория комфорта-1».

Үйді техникалық тексеру барысында, көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салу кезінде де бастапқыда қателіктер болған: бетонның қажет маркасы пайдаланылмаған, едендер арасында түйісулер жоқ, мұндай құрылыспен тұрғызылған үй тіпті өз салмағына төтеп бере алмайтын еді.

Үлестік құрылыстың көлемді және проблемалық нысандарының бірі – Котляров объектілері. Бұл «Шығыс», «Жағалау» және т.б. оларды қайта жандандыру мүмкін болды. Басқа нысанды - «Алтын Шар» ТК аяқтаумен «GLB» үй құрылыс комбинаты айналысуы тиіс еді. Бірақ олар банкрот болудың  алдында тұрды. Мемлекет құрылыс комбинатының қызметкерлер мен кредиторлар алдындағы борышын өтеуге көмек көрсетті. Бірқатар күрделі мәселелер шешілді. Енді үй құрылыс комбинаты да қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй құрылысымен айналысады. Яғни, бір оқпен ұзаққа созылған құрылыс пен әлеуметтік тұрғын үй салу мәселесі шешілді. ҮҚК артықшылығы – үй салу мерзімін қысқартып, шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Үлестік құрылыс объектілері бойынша қадамдық  іс-шаралар жоспары жасалды. Ұзақ құрылыстың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында.

Тегтер: