USD
USD
USD

Нұр-Сұлтандағы «Қазақмыс» ғимаратында болған өрттің себебі айтылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің бастығы Ерлан Төрегелдиев Нұр-Сұлтандағы "Қазақмыс" ғимаратында болған өрттің алдын ала себептерін жариялады.

Нұр-Сұлтандағы «Қазақмыс» ғимаратында болған өрттің себебі айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Орын алған факті бойынша материалдарды зерделеу барысында алдын ала себеп отпен жұмыс істеу кезінде кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы екені анықталды. Яғни, бұл газ оттығының көмегімен битум мембранасының балқыту жұмыстары", - деді Төрегелдиев өткен брифингте.

Ол сонымен қатар қазіргі уақытта корпорация ғимаратындағы өрт фактісі бойынша материалдар полицияға берілгенін қосып өтті. Келтірілген залал мөлшері анықталуда. Оқиғадан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы "Қазақмыс" корпорациясы ғимаратының жоғарғы қабаттарында өрт 21 қыркүйек күні кешке болған.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде түтін шығып жатқаны түсірілген кадрларды жариялаған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 44 адам өртті сөндіруге аттанған.

Өрт 19:10-да ауыздықталды. Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған аумақ 60 шаршы метр.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер