23 Қаңтар 15:17

Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Фото:

Елорданың Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысы Бауыржан Сыздықов қала әкімі Алтай Көлгіновке толассыз соққан боранға байланысты төтенше жағдай жариялауды кеңес етті.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Алтай Сейдірұлы, қаланың азаматтық қорғанысы аумақтық жүйесіне төтенше жағдай режимін енгізуді ұсынамын. Қаланың инженерлік, құрылыс, жол техникалары және экономикалық нысандарды жұмылдыру керек» деді Сыздықов.

Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар кезінде Ұлттық гвардияның 100 адамын, 14 техника және автобустар мен жеке транспорттар да тартылу керек.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше тәуліктен бері толассыз соққан боран мектептердегі оқуды тоқтатып, әуежайдың жұмысына кедергі келтіріп жатыр. Қолда бар техниканың бәрін жұмылдырғанымен, табиғаттың күші қала әкімі Алтай Көлгіновке ырық берер емес.

Тегтер: