18 Мамыр 20:20

Нұр-Сұлтанда 15 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды

Фото:
Санитарлық нормалардың сақталмағаны үшін Нұр-Сұлтанда 15 құрылыс нысанының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында қазіргі эпидемиологиялық ахуал мәселелері қаралды. (…)Тек Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс нысанының қызметі анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше тоқтатылды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов өз мәлімдемесінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталды. Себебі, қарантин шараларын жеңілдету кейбір өңірлерде ауруды жұқтыру санын көбейтіп отыр.
«Осыған орай, өңірлерде қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды», - делінген хабарда.
Соңғы ақпар бойынша, Қазақстанда 6440 адам коронавирус жұқтырған, 3311-і жазылып, 34-і көз жұмған.

Тегтер: