USD
USD
USD

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі саясатқа араласып жатқан жоқ – Сенат төрағасы

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі саясаттағы рөлі туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі саясатқа араласып жатқан жоқ – Сенат төрағасы
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаев саясатқа араласып жатыр ма? Қандай да шешім қабылдай ма? Онымен сіздер ақылдасасыздар ма?», - деп сұрақ қойды тілшілер Сенат отырысынан кейін.

Өз жауабында М.Әшімбаев ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі саясатқа араласпайтынын айтты.

«Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Әрине, ауқымды шараларда, референдум, сайлау секілді шараларға ел азаматы ретінде қатыса алады. Барлық мәселелер заңда көрсетілгендей шешіліп жатыр. Конституцияға байланысты Президент құқықтары бар, Үкіметтің, Сенаттың, Мәжілістің құқықтары бар. Солардың бәрін заң жүзінде іске асырып жатырмыз. Нұрсұлтан Әбішұлы референдум болғанда өзінің дауысын берді, ол әрбір азаматтың құқығы. Бірақ саясаткер ретінде, Тұңғыш Президент ретінде Қазақстанның саясатына араласып отырған жоқ», - деп жауап берді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасы қазіргі кезде биліктің барлық тармағы, барлық мемлекеттік органдар заң жүзінде өз құзіреттерін жүргізіп жатқанын еске салды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия