9 Сәуір 11:39

Нұр-Сұлтан мен Алматыда сараптама алатын қоршаулар пайда болады

Фото:

Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусқа сараптама алатын қоршаулар пайда болады. Бұл жайында ҚР ДСМ Дәрілік заттар және медициналық бұйымдар ұлттық сараптама орталығының бас директоры Арнұр Нұртаев айтты.

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызметіміз эпидемиологиялық зерттеу, байланыста болған тұлғалардың аясын анықтау, бару және материалдар алу бөлігінде барынша тиімді жұмыс істеп жатыр. Шатыр немесе қоршау бекетін қоюдық еш қажеттігі жоқ», - деді ол онлайн брифинг барысында. Оның атап өтуінше, жүйе бүгінгі күні аталған бекеттерді құрмастан-ақ талап етілген көлемді, үлгілерді жинауға қауқарлы.

«Дегенмен, мұндай мобильды бекеттер қойғысы келіп отырған мецанаттар бар екендігін білемін. Оларға көп рахмет. Олар таяу уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында орнатылады. Себебі, осы екі қалада науқастар барынша көп тіркелген», - деді Арнұр Нұртаев. Сонымен қатар, ол Қазақстанға мұндай бекеттердің үлкен көлемде қажет болмайтындығына үміт артатындығын баса айтты

Тегтер: