29 Желтоқсан 11:56

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қаза тапқандарды жерлеуді мойнына алды

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұшақ апатынан көз жұмған елордалық Дана Круглова мен Арман Исинаны жерлеу рәсімін ұйымдастырды.    

Алматы, NEGE. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

«Астана әкімі Алматы түбіндегі ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасыларына барды. Алтай Көлгінов Дана Круглова мен Арман Исинаның жақындарына көңіл айтты. Нұр-Сұлтан әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойнына алды. Марқұмдардың туыстарына психологиялық көмек көрсетілуде», – деп хабарлады А. Олжабаева.

Тегтер: