Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта қалып тұр

10 маусым, 09:16

Фото: ғаламтордан

 Коронавирус бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. 10 маусымдағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. Еске салайық, 9 маусым күні Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шыққан болатын.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации