28 Қаңтар 17:55

Нұр-Сұлтан қаласы мен алты облыста тағы қарлы боран соғады

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның алты облысында алдағы күндері тағы бұрқасын тұруы мүмкін. «Казгидромет» өкілдері қарлы боран соғу ықтималдығы тым жоғары деп болжауда.

Алматы, NEGE. Аяз қысып тұрған Нұр-Сұлтан қаласында 29 қаңтарда түнде қар жауып, жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді деген болжам бар.

Синоптиктердің болжауынша, Шығыс Қазақстан облысында алдағы сәрсенбі күні қалың қар жауып, кей жерлерде боран соғады, тұман түседі. Желдің екпіні кешке қарай секундына 28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Семей мен Өскемен  қалаларында 29 қатңрадың түнінде күшті боран тұруы мүмкін.

Ақмола облысында да сәрсенбі күні тұман түсіп, түнде күшті жел соғады. Мұнда да боран тұру ықтималдығы 90% деп бағалануда.

Түркістан, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстарында да бұрқасын мен боран соғады деп болжайды синоптиктер.

Тегтер: