13 Желтоқсан 19:00

«Nur Otan» партиясы жанды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде

Фото:

10 желтоқсан 18.00-де елімізде алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды.

«Nur Otan» партиясы «Есіктен есікке» акциясын қолға алып, саяси науқанды жанды форматта жүзеге асыруда. Бұл акцияға партияның облыстық филиалы, депутаттыққа үміткерлер белсенді атсалысты.

13 желтоқсан күні Бейнеу ауданында дәл осы акция аясында аудан халқымен жүзбе-жүз кездесулер өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сағатбек Жұбанов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Ұлмекен Бисенғалиева аудан тұрғындарының шаңырақтарына арнайы барды. Партия төрағасы Елбасымыздың ел тәуелсіздігін сақтап, дамыған елдердің қатарына қосылуы жолында еткен ерен еңбегін айтып, бейбіт тіршілігіміз сол кісінің арқасы екенін жеткізді. Бейнеу ауданын экономикалық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екені айтып, тұрғындардан мазалаған мәселелері жөнінде сұрады.

Аудан халқы да өз тараптарынан алғысын білдіріп, үйме-үй аралап ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

 

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Тегтер: