21 Қыркүйек 15:12

Нигериялық штамм: «Eta» штамм қауіпті ме?

Фото:

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағынан нигериялық «Eta» штаммы анықталғанын мәлімдеген болатын.

Ол Қазақстанға қайдан келді? Коронавирустың жаңа штаммдары несімен қауіпті?

«Eta» штаммы Қазақстанның 4 өңіріне тарап үлгерген. Олар: Қарағанды облысында - 1, Маңғыстауда - 2, Павлодарда - 1, Нұр -Сұлтанда - 1 жағдай тіркелген.

«Eta» штаммның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штаммы әлемнің 77 елінде тараған, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штаммдарға жатады.

Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

Министр келтірген ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 96 сынаманы іріктеу нәтижесі бойынша штаммдардың айналымы келесідей:

  • 57 — Delta «Үнді штаммы»;
  • 24 — Alpha «Британдық штамм»;
  • 10 — «Ухань штаммы»;
  • 5 — Eta «Нигерия штаммы».

Әлем зерттеушілері вирус штамдарының таралуын бақылау үшін қолданатын Pango жіктеуі бойынша Eta штамм (B.1.525) Канадада (20%), АҚШ-та (16%), Германияда (10%), Францияда (9%), Данияда (8%) жиі кездеседі.

Тегтер: