USD
USD
USD

Назарбаев Рахат Әлиев туралы шындықты айтты

Белгілі режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінде Елбасы бұрынғы күйеу баласы, марқұм Рахат Әлиев туралы сөз қозғады.

Назарбаев Рахат Әлиев туралы шындықты айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Назарбаев оның жоғары лауазымға тағайындалуын "үлкен қателік" деп атады.

"Ол қаржы полициясының басшылығына келді. Осыны пайдаланып, бизнесті қыспаққа алды, ақшасын тартып алды. Бір күні мен оған "Тоқта" деп ескерттім. Түсінесіздер ме, менің күйеу балам. Кішкентай үш жиенім бар. Бәрі – менің қызым үш баласымен және оның әкесі маған келді. Мен оларға: "Мен не істей аламын? Ол қылмыскер" деп айттым", - деп еске алды Назарбаев.

"Сіз қатты күйзелген шығарсыз?", - деп сұрады одан Оливер Стоун.

"Өте ауыр болды. Егер басқа біреу болса... Ал мында арқа сүйейтін, сенетін өз жақының... Сіз кеше Дариғамен кездестіңіз ғой?", - деп сұрады Назарбаев.

"Иә, бірақ ол бұл жайлы әңгімелескісі келген жоқ", - деп жауап берді Стоун.

"Мен оның нені бастан кешкенін түсінемін. Мен оны аяймын", - деп түйіндеді Назарбаев.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер