USD
USD
USD

НАЗАРБАЕВ «Елбасы» мәртебесінен түбегейлі айырылды

Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында депутаттар Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы ҚР конституциялық заңының күшін жоюды қолдады. Бұл туралы NEGE тілшісі Парламенттен хабарлады.

НАЗАРБАЕВ «Елбасы» мәртебесінен түбегейлі айырылды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Осылайша көптен бері сөз болып келе жатқан Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы ҚР конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы ҚР конституциялық заңының жобасы мақұлданды. Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар баяндама жасап, заң жобасын талқылады.

Сенаттан қатысып отырған 44 депутаттың барлығы жақтап дауыс берді. Мәжілістен қатысып отырған 93 депутат та осы заң жобасын мақұлдады.

Енді экс-президент Н.Назарбаев пен оның отбасы барлық ерекше мәртебесінен айырылды. Дегенмен де экс-президенттер туралы заң бойынша бұрынғы президенттерге қолданылатын артықшылықтар Назарбаевқа да қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жеткізуді уақытша тоқтатты

Мұнай экспорты

Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

Бақытжан Байжанов

Қарағандыда «Құсбегілік» федерациясының мүшесі сирек құстарды заңсыз ұстаған

құсбегі

Қазақстан электрондық үкімет бойынша әлемнің үздік 25 еліне енді

Цирфлы Қазақстан