14 Желтоқсан 13:55

Назарбаев: Бір топ адам әкімдікті басып алмақшы болды

Фото:

"Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінің шығатын күні белгілі болды.

Алматы, NEGE.  Елбасы баспасөз хатшысының айтуынша, 15 желтоқсанда сағат 21: 40-та "Хабар" телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмнің жалғасы көрсетіледі.

- Бұл арада осындай былық болуы мүмкін еді. Бір топ адам әкімдікті басып алу туралы шешім қабылдайды. Мәселе 50-де 50 жағдайында тұрады. Сондықтан бұл жайттың алдын алу үшін қарулы күштерді тарту қажет болды, - дейді Назарбаев видеода.

Деректі фильм 1 желтоқсанда көрермендерге жол тартты. Ол кезде, фильмде Назарбаев президенттік өкілеттігін билікке өткізіп беруі туралы айтқан.

Тегтер: