15 Маусым 18:35

Нарынқол ауылында спорт кешені ашылды

Фото:

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылынан аудандағы ең ірі ғимарт бой көтерді. Бұл жөнінде аудан әкімі Нұржан Құдайбергенов әлеуметтік желіге жазды.

Алматы, NEGE. «Бюджеттен 1 миллиард 086 миллион теңге қаражат бөлініп, заманауи спорт кешені салынып, аудан халқына пайдалануға берілді», – деп жазды Н. Құдайбергенов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдғы қарсаңында ашылған нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев және ережесіз жекпе-жектен 2 дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров қатысты.

Аталған спорттық сауықтыру кешені  бір мезгілде күрес, бокс, волейбол, гандбол, шынығу залдарына 144 адам қабылдап, спорттың қалаған түрімен айналысуына жағдай жасай алады. 180 орында көрермен орыны, мәжіліс залы, 32 адамға арналған асханасы бар. Сыртқы алаңда футбол, баскетбол, үлкен теннис сынды бұқаралық спорттың дамуына жол ашатын алаңдары тағы бар.

Ашылу салтанатына келген қонақтар спорт кешенін аралап көріп, жиналған жұртшылыққа ізгі тілектерін білдірді. 

Тегтер: