17 Желтоқсан 16:06

Намысты жастар Мемлекет басшысына үндеу жасады

Фото:

Бүгін Алматыда «Намыс» жастар қозғалысының мүшелері Тәуелсіздік алаңына барып, желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етті.

Алматы, NEGE. Намысты жастар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, шейіт кеткен боздақтарға құран бағыштады. Сонымен қатар, әлеуметтік желіде талқыланып жатқан ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. 

«Жириновский, Никонов, Лимонов сынды дарынсыз саясаткерлер бүлік шығарғысы келіп, өздерінің сауатсыздығын көрсетті. Қазақтың намысына тиіп сайқымазақ болды. Олар кітап бетін ашып, аз да болса тарихқа үңілсе кімнің кім екенін білетін еді. Қазақтың намысты жастары барда олардың көздегені бола қоймайды», – деді қозғалыс басшысы Азамат Жолданбай. 

«Намыс» жастары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына үндеу жасады. Солтүстік Қазақстандағы Петропавл, Павлодар сынды қала атауларын қазақшалауды талап етті. Тіпті, жастар бұл талап орындалмаса Солтүстік Қазақстанға барып митинг өткізетіндерін айтты. 

Тегтер: