USD
USD
USD

Мұнай резервуары өртенді

Ақтөбе облысындағы Жаңажол ауылында мұнай қалдықтарын сақтайтын үш мың куб резервуар өртенді, – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Мұнай резервуары өртенді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға Жаңажол мұнайгаз кешені мұнай зауытының аумағында болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Резервуарда мұнай мен су болған. Өрт сөндіруге сегіз арнайы техника мен 35 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Ақтөбе қаласынан қосымша ТЖД техникасы мен күштері (25 қызметкер мен бес арнайы техника) жұмылдырылды.

Ақтөбе уақыты бойынша 22:59-да кен орнында өрт толықтай сөндірілді.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті

Қазақстан электронды үкімет рейтингінде 24-орынға көтерілді

Цирфлы Қазақстан

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев